5.12.2019, 12:04
Оқылды: 135

Шыңғырлауда жыл үздіктері марапатталды

Шыңғырлау аудандық ішкі саясат бөлімі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру - 2019" және "Жыл үздігі - 2019" жастар сыйлығын табыстау кеші өткізілді.

serpin jyl uzdigi (4)

 - Табысты іскерлік қарым-қатынастың орнауына, қоғам арасында Елбасы ұсынған ұлттық бағдарламаның насихатталуына, шығармашылыққа жұмылдыруда қосқан үлестері үшін жерлестерге алғыс білдіремін. Біз барлығымыз бірігіп қасиетті өңіріміздің болашағы үшін атсалысып, жұмыс жасаудамыз. Соның нәтижесінде аудан көркейіп келеді. Бұған әрқайсыңыздың қосқан үлесіңіз ба, - деді аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов.

serpin jyl uzdigi (6)

Шара барысында «Рухани жаңғыру» офисінің менеджерлері, әр-түрлі салада қызмет істеп жүрген жастар және туған жерлерінің көркейуіне үлес қосқан бірқатар тұрғын марапатталды. Нақтырақ айтсақ, аудан әкімінің алғыс хатымен «Атамекен» кіші бағытының менеджері Мадина Кузбаева, «Ақпарат толқыны» кіші бағытының менеджері Гүлбадам Махметова, «Рухани Қазына» кіші бағытының менеджері Әсемгүл Мұханбетова, «Тәрбие және білім» кіші бағытының менеджері Саида Гапарова марапатталды. Сонымен қатар «Үздік жоба» аталымында - «Өсу векторы» жобасы (аудандық білім беру бөлімі), «Үздік жас дәрігер» - Мөлдір Бәйтенова, «Жыл демеушісі» аталымына - Жантілеш Мұхамбетжанов (Қарағаш ауылдық округі) ие болды. Ал «Асыл мұра» - «Ұлы дала құндылықтары» шарасы, «Ауыл - ел бесігі» - Қарағаш ауылдық округі, «Үкілі кәмшат» - Шыңғырлау ауылдық округі, «Ерен еріктілік» - Шоқтыбай ауылының тұрғындары, «Үздік нәтиже» - Алмаз ауылдық округі, «Үздік шара» - «Симпозиум» халықаралық шарасы (аудандық тарихи-өлкетану музейі), «Оқылым» - «Библиотүн» шарасы (аудандық орталық кітапхана), «Жыл жаңалығы» аталымын темір жол үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірі (аудандық ардагерлер ұйымы, төрағасы С.Самиев) иеленді.

serpin jyl uzdigi (2)

Ал Ұлан Дәулетшиев «Үздік жас кәсіпкер», Абзал Наурызбаев «Үздік жас ұстаз», -Айдана Амангереева «Үздік жас маман», Диас Тағаниязов «Үздік жас спортшы», Асылбек Меңдіғали «Үздік жас өнерпаз», Нияз Әділбек «Үздік шекарашы», Мадияр Айтмұхамбетов «Үздік жас полиция қызметкері», Гаухар Мусаева «Үздік мектеп көшбасшысы», Мирас Нұрланов «Үздік студент» атанды.

Ақтоты Кушжанова

Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале