28.08.2017, 10:57
Оқылды: 50

Шыңғырлаудағы өрт кезінде 24 жасар тұрғын көз жұмды

\23-26 тамыз аралығында Шыңғырлау ауданының Алмаз, Ақбұлақ, Белогор, Қарағаш және Лубен ауылдық округтері аумағында өрт оқиғасы тіркелді.


Өртті ауыздықтауға Бөрлі, Сырым, Қаратөбе аудандары және Орал қаласынан өрт сөндіру жеке құрамдары да жұмылдырылды. Өкінішке орай, Қарағаш ауылдық округінің 1993 жылғы тұрғыны өрт ішінде көз жұмды.

Айта кеткен жөн, тілсіз жаумен күресте ауыл тұрғындары мен мекеме-ұжымдардың қызметкерлері - жалпы 400-дей адам аянбады. Сонымен қатар 70-ке жуық техника жұмылдырылды. Өрт төртінші күн дегенде басылды.    Бүгінгі таңда  өрт келтірген аумақтар анықталып, шығын нақтылануда.

zhaikpress.kz

о

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале