30.06.2019, 11:06
Оқылды: 94

Шыңғырлаудағы «жедел жәрдем» қызметіне жаңадан екі көлік берілді

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Шыңғырлау аудандық аурухана қызметкерлерімен жүздесті.

IMG_3548

Шара барысында аудан орталығындағы аурухана мен Ақшат ауылдық округіндегі медициналық пунктке жаңа «жедел жәрдем» көліктерінің кілті табысталды.

IMG_3534

Орталық саябақта аудан ардагерлерімен ашық әңгіме-дүкен құрды.
Ғали Нәжімеденұлы елдегі жұртшылықпен тығыз қарым-қатынас орнату және жергілікті билік тарапынан шешілмей жатқан түйінді мәселелерді облыс басшылығына тікелей жеткізу мақсатында Шыңғырлау ауданы бойынша өзінің қоғамдық өкілі Ерсайын Шәтеновті таныстырды.

IMG_3610

Ерсайын Қапезұлы 26 жыл бойы осы ауданда тұрып, мемлекеттік қызмет саласында түрлі басшылық лауазымдарды атқарған, ауданның мән-жайын жақсы біледі, ел-жұрт арасында сый-құрметке ие. Ұсынылған кандидатураны үлкен-кіші түгел қоштап, өңір басшысының халықпен тығыз қарым-қатынас орнату бағытындағы қадамына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар облыс әкімі аудандық «Қазпошта» филиалының жаңа ғимаратын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осыдан бір жыл бұрын ашылған, бес залдан тұратын аудандық тарихи-өлкетану музейін аралап көрді.

Аяужан Кереева,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале