30.06.2019, 10:34
Оқылды: 214

Шыңғырлаудағы жолдың күрделі жөндеу жұмысы биыл аяқталады

Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы Шыңғырлау ауданындағы Шыңғырлау-Лубен-Сегізсай автожолының 0-12 шақырымындағы орташа жөндеу, 0-104 шақырымындағы күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді.

IMG_3448

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы өңір басшысына мердігер компания – «АСФА» ЖШС директоры Иван Енютин баяндады. Оның айтуынша, былтыр басталған жұмыс қарқынды жүргізілуде. Жобалық құны 651 млн. теңге болатын жол жөндеу жұмысы биылғы қазан айында аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде ені 7 метр болатын жол арқылы ауылдар арасындағы байланыс қысы-жазы үзілмейді.

IMG_3477
Автожолдармен қатар аудан орталығындағы ауылішілік жолдардың да сапасын жақсартуға баса мән берілуде. Осы бағытта Шыңғырлау ауданының орталығындағы Қылышев және Тәуелсіздік көшелеріне жол салу жұмысы туралы «Айдана» ЖШС-ның учаске басшысы Вазген Жанхарян баяндады. Облыс басшысы елді мекен дамуының басты индикаторы саналатын жол құрылысы жұмыстарына қоғамдық кеңестер тарапынан бақылау мен техникалық қадағалау жұмыстарын күшейтіп, жобалық-сметалық құжаттарды жасақтау барысында салынатын жолдың ені мен қалыңдығының талапқа сай болуына баса мән беріп, жергілікті жердің материалдарын сатып алуды тапсырды.

Аяужан Кереева,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале