14.08.2018, 16:08
Оқылды: 53

Шыңғырлаудың азаматтары бұлақтың көзін ашты

Аудан орталығы Шыңғырлау ауылының іргесіндегі Ақкөлдің тұзы шипалы, балшығы емдік  қасиетке ие. Бұл жерге аудан халқы тұзға түсіп, балшығын жағып емделуді дағдыға айналдырған. Сауықтыруға арналған орын іспеттес болған Ақкөлде жаңбыры аз жылдары суы азайып, кей жерлері кеуіп те қалатын. Бұның өзі тұзға түсуге барушылар үшін қиыншылық туғызатын. Балшыққа түскен адам жеңілденіп жуыну үшін су қажет. Оны көп мөлшерде өзіңмен алып жүру де қиындық туғызады.

Халыққа аса қажет осынау мәселені шешу үшін ауыл азаматтары – жеке кәсіпкерлері Абат Измаилов, Жәнібек Досқазиев және аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесінің механигі Айтжан Елеуов сауапты іс атқарды. Бұл бастаманы өрт сөндіру мекемесі қызметкерлері де қолдады.

IMG_9758

Жиналған азаматтар техникаларын алып, Ақкөл маңындағы бұлақ көздері бар жерлерді тапты. Қазып, кеңейту нәтижесінде бұлақтың суы жылға етіп салынған жолмен сылдырап ағып, тұзды көлге құйыла бастады.

Бүгінде судың деңгейі де көтеріліп келеді. Бұлақтың суы тап-таза, әрі тұнық. Ұйымдастырушылар болашақта бұлақ айналасын қоршап, тас қиыршық төсеуді қолға алмақ.

Адақ Шотпанов,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале