17.01.2020, 12:38
Оқылды: 137

Шыңғырлаулық екі тұрғын алаяққа алданды

Соңғы кездері телефон алаяқтары тағы да бас көтере бастады. «Балаңыз есірткімен ұсталды, жедел көмек керек. Ақшасыз ештеңе шешілмейтін түрі бар» деген хабарлама алған ата-ана сақтық шарасын ұмытып, алаяқтың қақпанына түсіп қалатыны түсінікті.

telefob

Ата-ана телефон шалушыларды баласының досы екеніне сеніп, олар айтқан есепшотқа сұраған ақшасын аударып жіберетін көрінеді. Шыңғырлау ауданында соңғы кезде осындай екі оқиға тіркелген. Бұл туралы аудандық криминалдық полиция тобының төтенше аға өкілі, полиция майоры Ерболат Тулеушов айтып берді.

Полиция қызметкерінің сөзіне сүйенсек, алаяққа алданған Шыңғырлау ауданының бір тұрғыны 300 мың теңгені көрсетілген есепшотқа аударса, екіншісі 1 млн. 200 мың теңгені алаяқтардың қолына берген.

 Қылмыс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале