22.11.2017, 18:00
Оқылды: 31

Шыңғырлаулық қос азамат өз қаражатына көпір салды

Редакциямызға қоңырау шалған ардагер ұстаз, Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы Клим Бексейітов Белогор ауылдық округіндегі сүйінші жаңалықпен бөлісті.

Ол ауыл жанындағы көпір мәселесінің шешімін тапқанын жеткізіп, қуана хабарлады. Шыңғырлау ауданына белгілі азамат, адал еңбегімен еліне елеулі болған еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы Алғали Тасмағамбетов баласы Мирболат екеуі өз қаражаттарына көпір салып, халықтың көп жылғы армандарын шындыққа айналдыра білді. Көктемгі су тасқыны кезінде шатқаяқтап әзір тұрған көпір ауыл арасындағы қатынасты қиындатып тұрғаны рас еді.

-Ащы тасығанда үш күн, күшіне енсе бір жұма тасыса, Шыңғырлау өзенінен қайықпен бір айға қатынауға тура келетін еді. Елдің мұңына қанық азаматтар халықтан бір теңге алмастан осындай игі іс жасағанын қалай айтпасқа. Бүкіл ақтаулықтар қуанулы, әр отбасы алғыстарын жаудыруда,- дейді Клим Нұғыманұлы.

Елдің есінде қалар ердің ісін атқарған айтулы азаматтар көпке үлгі болар шаруа тындырғанда халықтың «бәрекелдіден!» басқа айтары жоқ.

Гүлшат Ботанова

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале