22.04.2019, 17:22
Оқылды: 25

Шыңғырлаулық мұғалім бас жүлдені жеңіп алды

Жуырда «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2019» республикалық байқауы өтіп, Шыңғырлау ауданындағы А.Тихоненко атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абзал Наурызбаев бас жүлдені жеңіп алды.

IMG_5887

Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 46 мұғалімнің арасынан әр кезеңнен сүрінбей өтіп, өзінің теориялық және практикалық жұмысының нәтижесінде ең үздік деп танылған Абзал 350 000 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Жас маманды аудан әкімі А.Есалиев құттықтады. Аудан басшысы ұстазға келешекте де тұғырдан таймай, әрдайым жетістікке жетуіне тілектес екендігін жеткізді.

Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале