27.01.2020, 18:37
Оқылды: 42

Шыңғырлаулық шаруалар қыстан қысылмайды

Өткен жылы жауын-шашынның аз түскеніне қарамастан, ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары қысқа мейлінше мұқият дайындалған-ды. Яғни, Шыңғырлау ауданының ауылдық округтердегі шаруа қожалықтары қолда бар техникаларымен шөпті құнарлы кезінде шауып, қыстақ басына уақтылы тасып алды.

serpin shop (1)

 - Бүгінгі таңда аудандағы 8 ауылдық округте 45 мал қыстағы бар. Олардың бәрі де азық-түлік, жанар-жағармай, отын-су және мал азығымен толық қамтылған. Қыстақтарына жол қатынасы да қалыпты. Қазір аудан бойынша 30 415 ірі қара, 33 658 қой мен ешкі, 6 349 жылқы және 51 түйе бағылуда. 40 мың 243 тонна қалған мал азығы қыстақтың қалған күндеріне толығымен жетеді деп күтілуде. Жалпы ауданда шөптің 1 орамасы (250-300 келі) 4800-5000 теңген, - дейді аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р.Еслямов.

serpin shop (7)

Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале