12.02.2020, 10:32
Оқылды: 146

Шыңғырлаулық спортшы Азия чемпионатына барады

2020 жылдың 6-10 ақпан күндері Атырау қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер және жауынгерлік самбодан ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

serpin (2)

Самбо саңлақтарының басын біріктірген байрақты бәсекеде еліміздің барлық өңірінен келген палуандар бақ сынады.

Азия және Әлем чемпионатына іріктеу мақсатында ұйымдастырылған жарыста жерлестеріміз де сынға түсті.

Нәтижесінде қыздар арасында самбо күресінен 52 келіде бақ сынаған шыңғырлаулық Әйгерім Телемгенова чемпион атанып І орынды иеленсе, жауынгерлік самбодан ерлер арасында 100 келіде Әділет Кабулов тартысты бәсекеде қола медаль иегері атанды.

serpin (1)

-Мен 52 келі салмақ дәрежесінде бақ сынадым. Қарсыластарым Жамбыл, Алматы, Павлодар облысының қас шеберлері болды. Ұтымды әдістерді қолданудың нәтижесінде жеңіске жеттім. Енді алдағы Азия чемпионатына дайындыққа кірісемін. Болашақта әлемдік додаларда еліміздің атын шығарып, көк байрағымызды көтеруге бар күш-жігерімді саламын, - дейді Әйгерім.

Айта кетейік, облыс жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Ауданда самбо күресінен алғаш рет қыздар арасында спорт шебері атанған Әйгерім Маратқызы биыл маусымда Индонезия мемлекетінде өтетін Азия чемпионатына, қараша айында Түркіменстанның астанасы Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале