10.04.2018, 17:37
Оқылды: 22

Шыңғырлаулық спортшы Азия чемпионатына жолдама алды

Жуырда Жезқазған қаласында өткен ҚР чемпионатынан сүйінші хабар жетті. Ерлер мен әйелдер арасында самбодан және жауынгерлік самбодан өткен чемпионатта жерлесіміз Әйгерім Телемгенова 56 келі салмақ бойынша ІІ орынды жеңіп алды. Осы жеңісімен жерлесіміз Азия чемпионатына қатысу үшін жолдамаға ие болды.

Бұл сүйінші жаңалықты Әйгерімнің алғашқы жаттықтырушысы Қайсар Құсайынов хабарлап отыр.

Әйгерім күрестің осы түрімен 2008 жылдан бері айналысып келеді. Күреске баруды Шыңғырлау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен бастады. Кейін спорттық білімін Орал қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған Олимпиадалық резервтер даярлайтын мектеп-интернатта жалғастырды. Жерлес спортшы Алматыдағы Спорт академиясын бітірген.  Қазақстан Республикасының Спорт шебері атағы бар. Қазіргі таңда Орал қаласында белгілі бапкер Альмира Исатаеваның қарамағында жаттығады.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале