19.11.2019, 11:09
Оқылды: 78

Шыңғырлаулық спортшы күміс жүлдегер атанды

Шыңғырлау ауданынан шыққан республика чемпионы, қазақ күресінен спорт шебері Әйгерім Телемгенованы ауданды айтпағанда, облыста білмейтіндер некен-саяқ болар.

shyngyrlau - копия

Қаршадайынан қазақ күресіне ынта қойған Әйгерім мектеп қабырғасынан-ақ бапкерлеріне үміт сыйлады. Күрес техникасын, оның айла-тәсілін жетік меңгерген ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ алғашқы жеңіске қол жеткізді. Одан әрмен Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебіндегі жаттығулар да жемісін беріп, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындардан көрінді.

 Енді міне, Қызылорда қаласынан сүйнішті хабар жетті. Тәжірибелі спортшы қызымыз осы қалада қазақ күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 52 келі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Гүлім Шынтас

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале