4.06.2018, 12:24
Оқылды: 37

Шыңғырлаулық спортшылар Атыраудан жүлделі оралды

Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округінің жас палуандары Атырау облысының ашық республикалық турнирінен олжалы оралды.

Республикамызың бірнеше қаласынан, сонымен қатар арнайы Қалмақстаннан келген жас палуандар боз кілемде күш сынасты. Есебінде, Серікқали Наурызбаев 35 келі салмақ дәрежесінде және Нұрасыл Қылышбаев 29 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды жеңіп алса, Нұрдәулет Кулов 35 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынды қанжығасына байлады. Жас спортшымыз Серікқали қалмақия спортшысымен шыққан ақтық бәсекесінде не бәрі 10 секундта ғана таза қойған болатын.

Осының барлығы - қазақ спортының өркендеп келе жатқанының белгісі. Оған ауданымыздың жас спортшылары аз да болса өз үлесін тигізіп жатқаны халықты бір марқайтады. Ендеше, жас палуандарға алда сәттілік, ал жас спортшыларды бабында ұстап отырған жас бапкер Бағдат Сариевке төзім мен табандылық тілейміз.

Айбарша Лекерова

Шыңғырлау ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале