3.10.2017, 16:08
Оқылды: 22

Шыңғырлаулық жастар веложорыққа аттанды

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы аясында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастары «Шыңғырлау-Шоқтыбай-Шоқайтерек» маршруты бойынша веложорыққа аттанды.


Жорыққа аттанған жастарға аудан әкімі А.Есалиев ақжол тілеп шығарып салды. Қоғамның қозғаушы күштерінің бірі саналатын жастардың аудан өмірінде алар орны мол екенін айта отырып аудан басшысы болашақта «Туған жердің 7 кереметі» атты бағдарламалық танымдық маршрут бойынша жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале