10.05.2018, 14:49
Оқылды: 24

Шыңғырлаулықтар боздақтарды еске алды

Халықтың қанына суарылған алқызыл Жеңіс туы тұп-тура төрт жылғы қанды қасаптан кейін тігілді. Міне, бүгін содан бері 73 жыл өткен екен. Бірақ, сол сұрапылдың қанды ізі, қайғылы жарасы ұмытылған жоқ халық жадында. Мұны, бүгінгі мерекелік парадқа алып шығарылған «Мәңгі өлмейтіндер полкі» («Бессмертный полк») естелік суреттері дәлелдейді. Иә, қанды соғыстың салқыны тимеген, жалыны шарпымаған жанұя жоқ. 

Шыңғырлау ауданында Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мерекесіне орай арнайы салтанатты сап тұрғызылып, мерекелік парад ұйымдастырылды.

Шыңғырлау ауылының орталық көшесімен жүріп өткен салтанатты сап аудан орталығындағы «Даңқ» ескерткішіне келіп аялдады. Сап алдында ҰОС-ның ардагерлері С.Ығылманов пен А.Рудь қариялар арнайы көлікпен жүріп отырды.

Аудан әкімі А.Есалиевке мерекелік баянат (рапорт) беріліп, аудан басшысы және ардагер қос қария құттықтау сөз сөйледі. Есімі де, ерлігі де мәңгі өлмейтіндер рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етілді. Бұдан соң барша аудан мекемелері, ҮЕҰ, құқық қорғау органдары мен аудан тұрғындары тарапынан ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Мерекелік парад соңы аудан саябағындағы мерекелік концерт, көпшілік серуенге ұласты.

 

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале