10.01.2021, 15:47
Оқылды: 37

Шыңғырлаулықтар өз таңдауларын жасауда

Бүгін таңғы сағат 7.00-де Шыңғырлау ауданының барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру рәсімі басталды. Аудан бойынша 19 сайлау учаскесі, соның ішінде аудан орталығында 5 сайлау учаскесі бар. Оған 21 байқаушы және саяси партиялардың сенім білдірген 18 өкілі қатысып, сайлаудың өту барысын бақылауда.

 IMG-20210110-WA0023 (2)

«Сайлау учаскелерінде дауыс беру рәсімі уақытылы басталып, еш кедергісіз жүріп жатыр. Сайлау кешкі сағат 20.00-де аяқталады. Дегенмен, аудандағы 4 учаске, яғни Ақсуат, Қайыңды, Жаңакүш және Сегізсай сайлау учаскелерінде аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес барлық сайлаушылар дауыс беріп болған жағдайда кез келген уақытта жабылуы мүмкін. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан,  тұрғындырдың саяси маңызы зор науқанға белсенділікпен қатысуы қуантады», - дейді ауданддық сайлау комиссиясың төрағасы Н.Қалиев.

- Бүгінгі сайлау мен үшін үлкен мейрам. Себебі 10 қаңтарда – менің туған күнім. Сондықтан өзім үшін осындай мерекемен тұспа-тұс келген саяси науқанға мен де қатысып, өз таңдауымды жасадым. Өзім Ұлттық гвардияда әскери борышымды өтедім, енді қызмет жолымды туған жерімде бастамақпын, - дейді жас сарбаз Ғұмырхан Байдушев.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале