12.05.2017, 12:22
Оқылды: 64

Синитиден сабақ, турнирден жүлде!

????????????????????????????????????

  Оралдағы «Арман» спорт кешенінде каратэ спорты ҚР БҚО федерациясының ұйымдастыруымен каратэден семинар мен халықаралық турнир өтті. Семинарды жапон елінің атақты каратэ шебері, 8-ші дан қара белбеу иегері Сигэёси Синити мен жерлесіміз, белгілі бапкер, 5-ші дан қара белбеу иегері Фархад Жалмұрзин жүргізді. Білген-түйгендерін үйретіп, бұл саланың жаңа әдістерімен тәжірибе алмасты.


  Семинардың екінші күнінде каратэшілер І дан қара белбеуіне емтихан тапсырды. Екі күндік семинардан соң каратэдан балалар, жастар және ересектер халықаралық турнирде бақ сынады.

  Татамиде Ақмола мен Алматы облысынан, Ресейдің Самара қаласынан «Виктория» мен «Арена», Ульяновск қаласынан «Развитие» клубтары, Ақсай, Орал қалаларынан спортшылар мен ауданымыздың намысын қорғаған командалар бәсекеге түсті. Турнирге барлығы 220 спортшы қатысты.

  Ал, қағылез майталмандар сынға түскен жарыстың қорытындысында зеленовтықтар командалық есепте І орынды иеленсе, самаралық «Виктория» клубы ІІ, Бөрлі ауданы ІІІ орынды қанағат тұтты.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале