19.10.2020, 10:57
Оқылды: 207

«Сіріңке – бір өмірдің құны»

Қазіргі төтенше жағдай кезінде мектеп жасындағы балалардың үйде карантинде болуына байланысты олардың қауіпсіздігіне көп көңіл бөлу қажет. Осыған орай Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Сіріңке – бір өмірдің құны» айлығы аясында ZOOM онлайн платформасы арқылы оқушылармен алдын алу сабақтары өткізілуде.

Sirinke (1)

Балаларға үйде жалғыз қалғанда отпен ойнауға болмайтынын айтып, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ұғынықты тілмен түсіндіріңіз. Сіріңке үйде баланың қолы жете бермейтін орындарда сақталғаны дұрыс. Мейлінше электр құралдары токтан ажыратылып, газ плитасының сөніп тұрғанын ұдайы қадағалаңыз..
Балалардың қатысуымен өрттен болатын қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін  үлкендер балаларға оттың қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіруі қажет.

Sirinke (2)

Балалар отпен ойнамауы үшін не істеу қажет:

-сіріңке және оттықты қол жетпейтін жерде сақтаңыздар;

-балаға оттың ойыншық еместігін, жылыту және тамақ дайындау құралы екендігін  және отты үлкендер жауапкершілікпен, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қолданулары тиістігін үйретіңіз;

-кішкентай балаларға тауып алған сіріңке немесе оттықтарды сізге әкеліп беруін үйретіп, жауапкершілік танытқаны үшін мақтаңыз;

-балаларды «101», «112» ТЖ қызметін шақыруды, телефоннан теруді үйретіңіз.

Үлкендер балаларды көзден таса қылмаңыздар. Егер балаларыңыз өрт қауіпсіздік ережелерін сақтасын десеңіз, алдымен өздеріңіз оны сақтаңыздар.

А.Ниязов,

 КТИ курсанты, кәсіби тәжірибеден өтуші

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале