5.06.2017, 18:38
Оқылды: 32

Сиыр еті – 1300 теңге

 

Күн сайын өзгеретін тауар бағасы халықтың қалтасын қағатыны жасырын емес. Жағдайына қарай көсілетін халық күнделікті тұтынатын азығын арзан бағамен сататын дүкендерге көптеп келеді. Халыққа тиімді әрі қолжетімді бағамен ет өнімдерін сататын сондай дүкендердің бірі Жаңақала ауданында ашылды.

«Тайыр» ЖК жетекшісі Мирлан Кенжеғалиев ашқан бұл дүкенде еттің бағасы аудандағы басқа ет өнімдерін сататын сауда орындарымен салыстырғанда біршама арзан. Мәселен, ауданда еттің орташа бағасы 1500 теңгеден болса, аталмыш дүкенде сиыр еті 1300 теңге, тартылған ет 1250, қойдың еті 1250, малдың ішкі құрылысы (ішек, қарын, бауыры) 300 теңгеден сатылуда.

Айта кету керек, пятимарлық Мирлан Кенжеғалиев өткен жылы ақпан айында өзінің серіктесі - ордалық Асқар Сұңғатовпен бірігіп Жаңақала ауылынан мал сою цехын ашқан болатын. Аталмыш цехта айына 450 бас ірі қара, 80-нің үстінде қой сойылады. Енді міне, өзінің кәсіпкерлігінің өрісін кеңейткісі келген кәсіпкер аудан орталығындағы халық көп жүретін базар маңындағы орынды жалға алып, халық күнделікті тұтынатын ет өнімдерін оңтайлы бағамен ауылдастарына ұсынды.

Надежда ЕСЕТОВА,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале