29.03.2019, 12:37
Оқылды: 33

«Smart Qaratobe» мобильді қосымшасы іске қосылды

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінде «Smart Qaratobe» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті. Жиынға аудан әкімі Ж.Асантаев, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

IMG_3724

Өткен жылдың желтоқсан айында «Smart Qaratobe» мобильді қосымшасы пилоттық режимде іске қосылған болатын. Аталмыш қосымшаның таныстырылымын «IT Group Қазақстан» ЖШС-ның бас директоры Михаил Дудниченко мен атқарушы директоры Андрей Токарев жүргізді.

Аталмыш бағдарламаны Android жүйесінде қызмет жасайтын барлық ұялы телефондарға көшіріп, жүктеуге болады. Сондай-ақ, телефонның көмегімен балабақша кезегін бақылап, коммуналды қызметтерді төлеп, білім беру, денсаулық сақтау, көлік, туризм, жер қатынастары және басқа да салалардағы аудандық қызметтер туралы маңызды ақпаратты алуға және онлайн-сервисті тегін алуға кеңінен мүмкіндік жасалған. «Халықтық бақылау» аясында түрлі заң бұзушылықтар, өтініш, арыздарды қалдыруға да болады.

Жиын барысында аудан басшысы Жанат Асылханұлы бұл бағыттағы жұмыстардың одан әрі жалғасып, қосымша мәліметтермен толығатынын айтты.

Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале