24.01.2020, 11:39
Оқылды: 96

Снюстің зияны түсіндірілді

Сырым аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Қарлығаш Мұқамбеталиева, бас маманы Әлия Хамидуллина, Сырым ауданының полиция бөлімінің азаматтық және қызметтік  қару айнылымын бақылау тобының инспекторы, полиция майоры Шайзада Жасталапова Ж.Досмұхамедов және Қ.Мырзалиев атындағы мектептерде, сауда орындарында болып, снюс туралы түсіндірді.

syrym (1)

Снюс - шегуге арналмаған сағыз, кәмпит түріндегі темекі. Өнім әкелуге, сатуға, таратуға тыйым салынған.

 –Адамның тәуелділігін, құмарын тудыратын, снюс көбейіп барады. Снюс – түтінсіз, темекінің шайнайтын бір түрі. Оны Швецияда өндіреді, ересектерге сатады. Қазір бұл зиянды затты мектеп оқушылары арасында пайдалану кеңінен тарап барады. Денсаулыққа зиян шайнамалы темекі біздің елге тек контрабандалық жолмен келіп отыр деген болжам бар. Снюсті пайдаланған жасөпірімдер өспейді, мінез-құлқы өзгеріп, агерссивті болады. Үнемі көңілсіз жүріп, ұйқысы келе береді. Асқазан, ішек жолдарының жараларына, түрлі онкологияларын ауруларға әкеп соғады. Бір сигаретте 1,5 мг. никотин болса, снюста 20 мг-нан 250 мг-ға дейін никотин бар. Никотинді көп тұтынғанда өлімге әкеп соғуы мүмкін,- деді кездесуде Қ.Мұқамбеталиева.

syrym (2)

Ал Шайзада Жасталапова есірткі пайдаланған, тұтынғаны үшін 14 жастан бастап қылмыстық  жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале