13.07.2017, 16:46
Оқылды: 19

Соғыс ардагерімен жүздесті

Зеленов ауданы Егіндібұлақ ауылында жергілікті қауымдастық өкілдерімен жүздескен аудан әкімі Асхат Шахаров 96 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Мансұр Жүсіповтың хал-жағдайын сұрап барды. 


Ел тыныштығын ту етіп, от пен оқтың ортасында  шайқасқан майдангер шайқасты 1941 жылы Старая Русса қаласынан бастаған. Москва, Калинин, Сталинград,  Новгород облыстарын жаудан азат еткен. Жеңісті Польша да қарсы алады. «Варшаваны алғаны үшін» медалімен марапатталған. Соғыстан кейін Зеленов ауданындағы ХХІІ партсъезд колхозында еңбек еткен.

-Әрдайым қазыналы қарттарын елеп, құрмет көрсетіп отыратын басшыларға ризашылығымды білдіремін. Соғыстағы сұрапыл күндер артта қалып, ендігі  ұрпақ  сұм уақытты бастан кешірмесе екен. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын! Жасампаз еліміз жасай берсін! ,– деп батасын берді.

Д.НАСЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале