24.07.2017, 10:34
Оқылды: 59

Соналы мектебінің тозығы жеткен

Karatobe sulikol   Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Үшағаш, Соналы және Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Темірбек, Төлен, Үшана ауылдарына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік нысандарын аралады. 


   Ауылдарға жұмыс сапарын Үшағаш негізгі орта білім беретін мектебінің жай-күйімен танысудан бастаған лауазымды тұлғалар мектептің техникалық жабдықталуына, атқарылып жатырған жұмыстары мен жетістіктеріне оң баға берді.

   Содан кейін ауылдағы медпункттің жұмысымен танысып, ауыл халқына қажетті деңгейде дәрігерлік көмек көрсетуге бірқатар тапсырмалар берді.

Karatobe mekteptin tozigi jetken   Үшағаш ауылдық мәдениет үйі мен ауылдық кітапхана тыныс-тіршілігімен танысып оқырмандардың саны, кітап қоры туралы мәліметтерді білді. Сонымен қатар Үшағаш ауылының әлеуметтік жағдайы жайында Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев баяндады.

   Ал Соналы ауылындағы орта мектептің жағдайы аудан әкімі Жанат Асылханұлын алаңдатты. Аталмыш оқу орны жанындағы мектеп асханасы мен шағын орталық ғимараты тозығы жетіп, күрделі жөндеуді талап етіп тұр. Ғимараттың жай-күйімен танысқан аудан әкімі Жанат Асантаев алдағы уақытта тозығы жеткен нысанды назарда ұстайтынын жеткізді.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале