10.10.2019, 11:28
Оқылды: 187

Соналыда спорт алаңы ашылды

Қаратөбе ауданының Соналы ауылында спорт алаңы ашылды.

 DSC_0286

Спорт алаңының ашылуы салтанатына аудан әкімі Жанат Асантаев, аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, ауыл ақсақалдары қатысты.

DSC_0327

– Спорт алаңының ашылу – ауыл үшін айтулы оқиға. Жастарымыз бос уақытын спортпен шұғылдануға арнап, денелерін шынықтырады,- деп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды аудан әкімі Жанат Асылханұлы.

Жаңа спорт алаңының лентасын ауыл ақсақалдары Абай және Уахит аталар қиды.

DSC_0392

Бұдан соң жаңа алаңда 4 команда қатысқан шағын футболдан жарыс өтті. Жарыс нәтижесінде Сулыкөл мектебінің оқушылары – І, Соналы мектебінің шәкірттері – ІІ, Б.Аманшин атындағы мектептің командасы ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Гаухар Феликс

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале