10.04.2017, 17:10
Оқылды: 68

«Сөз інжуін тұнықтан терген ақын...»

Көрнекті ақын,  зерттеуші ғалым, жазушы, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы Сағынғали Сейітовтің туғанына 100 жыл толуына орай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Сөз інжуін тұнықтан терген ақын» атты поэзиялық кеш өтті. 

Кешке ақынның туған жиені Нұрлан Сапарғалиұлы қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы, еңбек жолы туралы естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ кітапхананың тұрақты оқырмандары Ұлболсын Оразбаева «Қорғадым қазақ жерінде», Құрманай Ғатауова «Әке», Ажаргүл Серікқалиева «Тәуелсіздік», Айгүл Ибраева «Сен мені іздейсің бе, оқырманым?!» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал Райымбек Абаев «Қаратөбе» өлеңін жатқа айтты.

Кеш соңында «Қазақ поэзиясының майталманы» атты кітап көрмесіне кітапханашы Динара Тынышқалиқызы шолу жасады.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале