17.03.2017, 17:33
Оқылды: 18

Спорт алаңдары салынуда  

 

Жәнібек ауданында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы ауқымында өткен жылы Қамысты ауылында спорттық ойын алаңын орнату жұмысы аяқталып, Талов ауылында осындай нысанды салу жұмысы жүргізілуде. Бұл жұмыстардың жалпы жобалық құны 17303,0 мың теңге құрайды.


Сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың қолма-қол ақшаны бақылау шотына түскен қаржы есебінен Жәнібек ауылында спорт алаңы салынып, пайдалануға беріліп, құрылысқа 8651,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Биыл Жақсыбай ауылына да спорт алаңы салынады деп жоспарланып отыр. Сол сияқты Жәнібек ауылына, яғни аудан орталығына тағы бір спорт алаңы салынбақ.

                                                                           Н.Өтей

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале