13.07.2017, 16:17
Оқылды: 16

Спорт саласының жұмысы көңіл қуантады

taskala sportОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Аманбаева іссапармен Тасқала ауданында болып, спорт нысандарының жұмысымен танысты.


Алдымен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі мен «Жастар» стадионын аралады.

Стадионда кезекті оқу-жаттығуын өткізіп жатқан «Денсаулық» спорт клубының жұмысын тамашалады.

-Әр адам денсаулығын күту керек. Мүмкіндігінше спорттың өзіне ұнаған кез-келген түрімен айналысуға уақыт тауып, салауатты өмір салтын ұстанғаны абзал.Мұнда спортпен шұғылданамын деген жандарға бар жағдай жасалған. Қазірдің өзінде қариялардың өз бетімен айналысатын осындай спорт клубының барын көріп, қатты қуанып тұрмын. Жалпы спорт саласының жұмысы көңіл қуантады.

Жасының  үлкендігіне  қарамастан  «Денсаулық» клубының жұмысын  алып жүргені үшін Сағынғали ақсақалға ризашылығым шексіз – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Рахымқызы.

Кездесу барысында  жаттықтырушыларға жұмыстың жоспарын құрып, анализ жасап отыруды тапсырды. Аудан көлемінде  жеңіл атлетиканы дамытуға болатынын да тілге тиек етті.

Содан соң делегация  «Жас туристер станциясы» жанынан ашылған «Шұғыла» жазғы демалыс лагерінде болып демалушылардың жағдайымен танысып, табиғат аясында орналасқан мұндай базаның тек тынығуға ғана емес,  балалардың денсаулығын нығайтуға үлкен септігі тиетінін айтты.

Ә.БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале