24.06.2019, 13:16
Оқылды: 369

Спортшылар ел біріншілігінен үш алтынмен оралды

Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы жекелей чемпионаты өткізілді. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 15 команда сапында 300-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.

janaqala

 Батыс Қазақстан облысының намысын қорғағандардың қатарында жаңақалалық жас өрендер де бар. Олар 1 аптаға созылған ақыл-ой додасында қарсыластарына қарқынды қарсылық көрсетіп, жарыстың биік тұғырынан көрінді. Жылына бір-ақ рет ғана өтетін ел біріншілігінде 9 жастағы ұлдар арасында блиц (шапшаң ойын) түрінен Нұрәлі Арматұлы жеңімпаз атанса, классика түрінен Бейбарыс Жолдасқали да алтын алқаны қанжығасына байлады. Сондай-ақ 11 жастағы ұлдар арасында классика түрінен жуалыойлық Мадияр Жұмағали алтын жүлдеге ие болды. Айта кетсек, болашағынан зор күттіретін Н.Арматұлы мен М.Жұмағали тоғызқұмалақтан «ҚР спорт шеберлігіне үміткер» нормативін орындады. Тоғызқұмалақшы оғландарды баптап жүрген Қайрат Шаутеновтің де еңбегі зор.

-Әрқашан ауданның спортшыларына қаржылай қолдау көрсетіп, бірнеше рет демеушілік жасаған жеке кәсіпкер Саламат Сертековке және оқушыларымның ата-аналарына ақжарма алғысымды білдіремін,-дейді тоғызқұмалақ жаттықтырушысы Қайрат Маратұлы.

Ақсұңқар Сәдір,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале