27.01.2017, 18:50
Оқылды: 19

Спортшыларымызды қолдайық!

Bokei sport koldau  XXVIII Бүкіләлемдік қысқы универсиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығындағы мұз алаңында шайбылы хоккейден әуесқой спортшылар арасында жарыс өтті.


  Шарада құттықтау сөз алған аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева дүбірлі додада спортшыларымыздың асығы алшысынан түсуіне тілектестігін жеткізсе, аудандық спорт мектебінің директоры Дмитрий Семилиди де осы ыстық лебіз легін жалғады. Одан әрі көңілді ән шырқалып, жарысқа қатысушылар хоккей алаңына қарай бет алды.

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале