15.06.2017, 12:06
Оқылды: 24

Спорттық лагерь жұмысын аяқтады

zelenov karate (2)Аудан орталығында каратэ лагері өз жұмысын аяқтады.

Аудандық білім беру бөлімі, туризм орталығы және спорт мектебі  ұйымдастырған лагерде Орал, Ақсай қалалары мен ауданның Переметный, Белес, Володар, Янайкин, Новенький және Мичурин ауылдарынан келген 70-ке жуық жас каратэші демалыстарын өткізді. Он күн ішінде каратэшілер жаттығуларын толықтырып, жаңа әдіс-тәсілдер үйренді. Мұнымен қоса спорттық лагерге жыл сайын келетін ұстаз Минова Кэйсуке  жапон тілінің әліппесін, каллиграфия жазуын, оригами жасауды үйретті.

-Бізді жыл сайын шақырып тұрады. Биыл шәкірттерімді де ертіп келдім. Лагерьде спортшылар бір мезет күнделікті өмірден алыстап, бар денін тек жаттығуға қояды. Балалардың қарқыны жаман емес. Жаттығулар қиын болса да шыдады. Жаңадан қарсыласыңнан қылышты алу, қылышқа қарсы жекпе-жектің техникаларын үйренді,-дейді РФ-дағы каратэ федерациясы президенті Владислав Паранин.

Он күннен соң спортшылар Переметный ауылында өткен халықаралық додада өзара бақ сынасты. Бұл жылғы кумитэ марафон  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің құрметіне арналды. Марафон қорытындысы бойынша өз жас ерекшеліктерінде І.Жеңіс, А.Жүнісов, Р.Меңдалиев, Ә.Бержанов, Е.Ғиният, П.Уварова, Р.Өтешқалиев, А.Имақанова, Н.Сенновтер  жеңімпаз атанды.

Динара НАСЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале