13.02.2017, 17:19
Оқылды: 29

Сталинград шайқасына арналды

БҚО өлкетану музейінің Жәнібек аудандық филиалында Сталинград шайқасының жеңіспен аяқталғанына 74 жыл толуына арналған шара өтті.

Жиында экскурсовод Оралбек Ықсақ аудан жұртшылығының бұл майданға зор үлес қосқандығын кеңінен баяндады. Бұдан соң аудан орталығындағы №1 мектептің оқушылары Чингиз Мұқатов пен Дана Құсайынова «Жаралы мұнара» атты өлеңді мәнерлеп оқып берді. Т.Жароков атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімдері Жасқайрат Қарғин, Тимур Хамитов сөз сөйлеп, Сталинград шайқасының ауданға өте жақын тақырып екендігін, жас жеткіншектердің санасына ерлік пен елдікті, патриотизмді насихаттау қажеттігін айтты. Жиынға қатысушылар шара соңында «Соғыс оты шарпыған Жәнібек» панорамасын тамашалады.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале