7.07.2016, 11:28
Оқылды: 16

" Street workout" Ақжайық ауданындағы ауылдарға да келуде

Акжайык Стреет   Бүкіл жердегідей, дене шынықтырумен, спортпен шұғылданатын жастар саны Ақжайық ауданында да артып келеді. Халықаралық дәрежеде спорттың ресми түрі болып бекітілген " Street workout" қозғалысын балалар, қыз жігіттер арасында кең насихаттау және өрістету мақсатында аудан орталығы - Чапаев ауылында арнайы белтемірлер, сонымен қатар көше тренажерлері орнатылды.


  Бұл игі іс Қазақстан халық Ассамблеясының XXIV съезінде көтерілген бастамаға орай облыс әкімі Алтай Көлігіновтың тапсырмасы бойынша орындалды. Бұл Астана күнімен тұстас келді. «Жастар» спорт алаңына ағылғандардың арасында жаңа қондырғыларда күшін сынағысы келгендер тіпті көп болды. Айта кетейік, сондай белтемірлер ауданның Базартөбе ауылында да жергілікті кәсіпкерлер күшімен орнатылды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале