30.12.2016, 14:19
Оқылды: 22

Студенттермен кездесті

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов аудан түлектері – студенттермен кездесті.

  Қазіргі таңда ақжайықтық қыз-жігіттер саны 10072 болса, оның ішінде кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының оқушылары – 1445, аудандағы агротехколледждерде оқитындар 423, басқасы, яғни 1022-сі шаһарларда оқуда. Кездесуде Ә.Т.Жоламанов жиналған студенттерді Ұлы мәртебелі Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және Жаңа жылмен құттықтады.


  Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-аухатының артуына, еліміздің көркейіп, нығаюына үлес қосу осы жастардың басты борышы. Осы орайда әңгіме болған шарада аудан басшысы түлектерге Жұбан туған топырақтан түлеп ұшқандарға риясыз тілегін арнап, естелік сыйлықтар тапсырды.

  Студенттер Чапаевта ағылшын тілі мен компьютер курсын ашу, көшеде бағдаршам орнату жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Бибі НҰР

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале