28.04.2017, 11:56
Оқылды: 74

Су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде

«Ақбұлақ» бағдарламасы ауқымында Жәнібек ауданының орталығындағы  ауыз су құбырын жөндеу жұмыстары басталып кетті.        

Қызылорда облысындағы «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС қазір ауылдағы тұрғын үйлерге таза су тарту жұмыстарымен айналысуда.

Аталған ЖШС-нің учаске басшысы Жандос Ақжігітовтың айтуынша, құрылыс алаңында экскаватор және манипулат жұмыс істеуде. Ауыз су құбырын орнату жұмыстарына барлығы 19 адам тартылса, соның 5-уі жергілікті тұрғындар. Биыл 8 сәуірден бастау алған бұл құрылыс жұмыстары қыркүйек айының үшінші жартысында аяқталады деп жоспарлануда.

                                                                              Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале