24.02.2020, 11:04
Оқылды: 76

Су тасқыны кезіндегі арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті

 21 ақпан күні Ақжайық ауданы Чапаев және Қарағай ауылдарында БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжановтың басшылығымен су тасқыны кезіндегі арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтті.

tlb (11)

Оқу-жаттығу кезінде Чапаев ауылы Қонаев алаңында аудандық азаматтық қорғау құрылымдары мен жедел әрекет ету жасақтарының көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында саптық байқау кезінде қызметтердің техникалары, арнайы киім-кешек және қызметтік міндеттері мен құрал-жабдықтарының техникалық жағдайларын тексерді.

tlb (6)

tlb (5)
Алдын ала дайындалған жоспар бойынша Чапаев және Қарағай ауылдарында су өткізгіш каналдарын тазалау, су басу қаупі төнген тұрғын үйлердің аумағындағы суды қауіпсіз орынға ағызу және құм толтырылған қапшықтармен тұрғын үйдің айналасын қоршау жұмыстары пысықталды. Чапаев ауылында Жайық өзенінде мұз кептелісі болатын орындарда арнайы ойықтар тесілді.

tlb (1)

Оқу-жаттығу кезінде су басу қаупі төніп тұрған Чапаев ауылы Исаев көшесі бойындағы тұрғын үйлерге қатысты  тиісті шешім қабылдау керектігі айқындалды. Аталған тапсырма бойынша оқиға орнында Ақжайық ауданы ТЖБ мен аудан әкімшілігі комиссия құрып, жұмысты ұйымдастырды. Төтенше жағдайды жоюға «Жайықтехсервис» МКК-дан 1 трактор, 6 адам, Чапаев ауылдық округі әкімшілігінен 1 «Уаз», 2 водовоз, 2 мотопомпа, 8 адам, № 10 ӨСБ-ден 1 АЦ-6-40 (Урал), 1 «Уаз», 2 мотопомпа, 15 адам және 1 командалық-штабтық автокөлік қатысты.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале