24.02.2017, 16:24
Оқылды: 22

20 жоба жүзеге аспақ

Сырым ауданында жергілікті кәсіпкерлердің кеңесі өтті. Жиынға аудан әкімі Абат Шыныбеков төрағалық етті.


«Сырым» несие серіктестігінің төрағасы Бақытжан Хамидуллин  «Іскер» бағдарламасының жай-жапарын түсіндірді. Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында өз кәсібімді бастаймын деген азаматтарға 16 млн 900 мың теңгеге дейін демеуқаржы беріледі.

Кеңесте аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Аян Жоламанов ауданның кәсіпкерлік картасына енген 20 бизнес-жобаны атады.

- Аудан орталығынан малдәрігерлік дәріхана, Самара-Шымкент халықаралық маңызы бар тас жолы бойынан газ құю бекеті, автокөлік жөндеу орны, «М-32» кафесінің жанынан жолаушыларға қызмет көрсететін қонақүй,  шағын балабақша,  құрылыс материалдарын өңдеу цехы, құтыға құйылған су өндіру, «Жібек жолы» жолаушыларға қызмет көрсету кешені, мал сою пункті, әмбебап сауда орталығы, бордақылау кешені, балық өсіру тоғаны ашылып, қарбыз-қауын шаруашылығы қолға алынатын болады.

Сонымен қатар аудан орталығынан жүн қабылдау, өңдеу цехын, ауылшаруашылығы техникаларының  автобөлшектері дүкенін,  Қарасу мөлтекауданынан балаларға арналған аттракцион, балық дүкенін, Талдыбұлақ ауылдық округінен құтыға құйылған бұлақ суы өндірісін ашу үшін кәсіпкерлермен келіссөздер, түсінік жұмыстары жүргізілуде, - дейді Аян Жоламанов.

Айта кетейік, аталған жобалардың жүзеге асуымен 97 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале