8.06.2017, 11:33
Оқылды: 22

Су туризмі техникасынан жарыс өтуде

Зеленов ауданы Деркөл өзенінің жағасында су туризмі техникасынан облыстық жарыс өткізілуде.

Оған өңіріміздің Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Зеленов, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан және Орал қаласынан туризм орталықтарының командалары қатысып, бақ сынауда.

Жарыстың салтанатты түрде ашылуында аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Виктор Фомин қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

Д.НАСЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале