27.07.2017, 14:48
Оқылды: 22

Суармалы әдіс қолданылуда

Ақжайық ауданындағы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің Алмалы орманшылығында қараағаш, шаған, жиде, жыңғыл ағаштары мекеменің өз тұқымбағынан шығарылып, Орал – Атырау күре жолы бойында 25 гектар жерге отырғызылды.


Соның 10 гектарына суармалы әдіс қолданылуда. Өйткені бүгінде күн райының аптабы соны талап етуде. Ыссылық алдағы кезде де болады деп болжануда. Сондықтан орманшы қауым талдарға қырағылықпен қарауда.

– Суармалы әдіс арқылы екпе ағаштарын өсіру үшін Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан арнайы «ГАЗ-53» сутасығыш автокөлігі бөлінгені олардың көңілін бірледі. Орманда өрт қауіпсіздігіне байланысты күзет күшейтіліп, кезекшілік уақыты ұзартылды,-дейді Алмалы орманшылығының орманшысы Тимур Бекназаров.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале