5.02.2018, 17:21
Оқылды: 45

Суландыру жүйелерін қалпына келтіруге байланысты істер ілгерлейді

Жергілікті тұрғындардың алдында есеп берген Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов осылай деді.

- Елбасының жерді пайдалану тиімділігін арттыруға, суландыру жүйесін қалпына келтіруге байланысты тапсырмаларына орай 2016-2017 жылдары аудандағы 24 көлтабанның, 11 суландыру каналының және 2 су қоймасының жер актілері мен техникалық паспорттары толығымен рәсімделді. Республикалық меншікке берілетін 18 су нысанының актілері «Қазсушар» РММ-не тапсырылды. «Азнабай-Тайпақ» каналын күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасау жұмыстары басталды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды әрі тиімді пайдалану қажет. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың 74 пайызы айналымда (1 млн. 198 мың га), - деді Ә.Жоламанов.

«Жайық таңы»

Ақжайық ауданы

Суреттер Айбатыр Нұраштікі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале