20.06.2017, 16:50
Оқылды: 41

Сұлукөлде медпункт пайдалануға берілді

Сұлу көл (1)Халықты қолжетімді медициналық қызметпен қамтуды көздеген мемлекет басшысының тапсырмасына сай Зеленов ауданы Сұлукөл ауылында медициналық пункт күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілді.


Ел қуанышына аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов,  Дариян аудандық ауруханасының директоры Ғабитжан Ислямов, «Алатау Альдан-Агро» ЖШС-нің шебері Азамат Орынбасарұлы, ауылдық округ әкімі Нұрлан Әжиев, аудандық мәслихат депутаты Әсия Қайдашева ортақтасып, жылы лебіздерін білдірген болатын.

Тағы бір жағымды жаңалық шілде айының басында мекеме жаңа жиһаз, құрал-жабдықтармен қамтылатын болады. Нысанның жөндеу жұмыстарын «Алатау Альдан-Агро» ЖШС жүргізіпті. Ал «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша үш ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылса, игі іс үшін 11 миллион теңгеге жуық  қаржы жұмсалған.

Динара НАСЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале