17.01.2019, 15:59
Оқылды: 24

Сұлукөлде 7 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады

Бәйтерек аудан әкімі Асхат Шахаров Сұлукөл ауылдық округінде есептік кездесуге өткізді.

qystaq terek (3)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Өткен жыл аудан үшін табысты болды. Ауданда бірқатар жұмыс атқарылды. Өздеріңізге белгілі ауданда шағын және орта бизнес кең қанат жайып келеді.

2018 жылы өңірімізде консервіленген көкөніс өнімін шығаратын цех іске қосылды. Сондай-ақ Переметный ауылында екі саябақ ашылды.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы» атты Жолдауында «Бизнестің жол картасының» ұзартылатындығы айтылды. Бұл бізге көптеген игі істі атқаруға мол мүмкіндік бермек,- деді баяндама жасаған Асхат Берлешұлы.

Сұлукөл ауылының жер көлемі - 10 147 гектар. Оның басым бөлігі, яки 8 786 гектары ауыл шаруашылығына тиесілі.

- Округте 2 серіктестік егін және 7 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады. Өткен жылы «АгроСервисБатыс» ЖШС 1250 гектар жерге егіс егіп, гектарына 14,6 центнерден өнім алды. Жиналған өнім 18 230 центнер. Бүгінде аталған серіктестікте 30 ауыл тұрғыны жұмыс жасайды, - деді ауылдық округ әкімі Ерсайын Сайхеденов.

Ауылда негізгі мектеп жұмыс жасайды. Мұнда 39 оқушы білім алуда.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале