21.01.2021, 19:42
Оқылды: 52

Сулыкөлде 4 жоба жүзеге асқан

20 қаңтарда Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев пен Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Берікқали Мусаның есептік кездесуі өтті. 

 IMG_3843

Ауыл тұрғындары алдында есеп берген аудан әкімі Жанат Асылханұлы, ауылдық округ әкімі Берікқали Жақсылықұлы өткен жылда ауданда және ауылдық округте атқарылған жұмыстарды баяндап, ауыл халқын алда атқарылатын жоспарлы жұмыстармен таныстырып, өткен есепті жиында тұрғындар тарапынан айтылған өтініш-тілектерге жауап берді.

Ауылдық округ әкімі Берікқали Мусаның айтуынша, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашқа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасын іске асыру мақсатында 2020 жылы  әлеуметтік 4 жоба іске асырылған. Жоба құны 2000000 теңгені құрайды. Қазақ күресі залы пайдалануға беріліп, оған ауыл түлектері Жасұлан Әсетов, Нұржан Боранқұлов, Нұрбек Сағынбаев, Ержан Қожаниязовтар демеушілік жасапты.

Қалдығайты орта мектебін 2000 жылы бітірген түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орталық саябаққа «Street Workout» 1500000 теңге қаражатқа спорттық жаттығу алаңын салып берген.

Ал Үшана ауылында жоба құны 500000 теңгені құрайтын «Үшана – менің жүрегім» атты жазба ескерткіш тақта орнатылған. Оған Б.Аманшин атындағы мектептің 2000 жылғы түлектері демеушілік жасаған.

IMG_3844

Округтегі Үшана ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Жүсіпқали Аманның «Үшана тарихы» атты кітабы жарыққа шықты. Кітапты шығаруға шығаруға демеушілік жасаған Аққозы ауылдық округінің азаматы Құсайын Мұқанов.  Жоба құны 105000 теңгені құрайды.

–  Ауылымызды көркейту және аббатандыру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы жол жиегіне 300 түп жиде ағашы егілді. Өткен жылы 5 млн. 196 мың теңгеге Төлен ауылына ашық спорт алаңы салынды. Сулыкөл, Үшана, Төлен ауылдарына тұрмыстық қалдықтар төгетін полигон алаңы орнатылды. Сулыкөл ауылына жаңадан мал моласы салынды.

«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы»  бойынша округ орталығындағы тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін полигонды жайластыру жұмыстары жүргізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жарияланған күннен бастап еліміздің барша халқынан қолдау тапты. Соның ішінде ауыл азаматтарының туған жерді көркейтуге деген талпынысы қуантады, - деді ауыл әкімі Берікқали Жақсылықұлы.

– Өткен жылы азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел қарау, мұң-мұқтаждарына назар аудару, қоғамдық диалогті, ашықтықты қамтамасыз ету, халықпен тиімді кері байланыс орнату мақсатында аудан әкімдігі пандемия кезінде жеке қабылдау шарасын тоқтатқан жоқ.

Пандемия жағдайында азаматтарымыздың қауіпсіздігі мақсатында заманауи коммуникация құраларын пайдалана отырып, онлайн қабылдау шарасы жүргізілді.

Сонымен қатар, өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сай тұрғындармен кері байланыстың орнатылуын, мемлекеттік қызметтерді ашық, әрі жүйелі түрде көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің ғимаратында тұрғындарды қабылдайтын «Ашық әкімдік» ашылды, ең қажетті қызметтерді көрсете алатын бұрыш ұйымдастырылды.

Аталған жоба шеңберінде 5 бөлімнің мамандары, 30-дан астам мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, «Ашық әкімдік» жанынан арнайы бөлме де дайындалды. Ол жерде аудан әкімі азаматтарды кез-келген уақытта жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізеді. Яғни қарапайым тілмен айтқанда аудан тұрғындары бұрынғыдай «есік қағып» жүрмей, бір жерден өздеріне қатысты мәселелерін шеше алады.

«Ашық әкімдік» алаңын ашудағы мақсат әкімдіктердің ашықтығын одан әрі қамтамасыз ету болып табылады, - деді аудан әкімі Жанат Асылханұлы.

Есептік кездесуде ауыл тұрғындары Тимур Жанин, Роза Есенғалиевалар жеке шаруасы бойынша өтініштерін айтса, «Игілік» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Тұяқбаев және тағы да басқа ауыл азаматтары округ тынысына қатысты сауалдар тастады.

Тұрғындар сауалдарының дені округтегі денсаулық сақтау, ветеринария және коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты қойылды.

Аудан әкімі мен ауыл әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға түсініктер берді.

Аудан басшысы Ж.Асылханұлы елімізде өткен сайлау жұмыстарын ұйымдастыруда белсене қызмет көрсеткен ауыл әкімі аппаратының бас маманы Тоймырза Нұрбергеновті алғыс хатпен марапаттады.

Округтегі есепті жиынға аудандық мәслихат хатшысы Қ.Сүйеуғалиев,  аудан әкімі аппаратының басшысы А.Карменов және бөлім  басшылары қатысты.

                                                                          Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале