12.04.2017, 16:14
Оқылды: 30

«Сұрақ-жауап» сағаты

????????????????????????????????????

  Ақжайық аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Сердалин ауылдық округтерде шаруа қожалықтарының жетекшілерімен, мамандармен «Сұрақ-жауап» сағаттарын өткізуде.


    Әңгіме өзегі – Елбасының биылғы Жолдауына сай, субсидияларды бөлу қағидаларындағы өзгерістер, жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге кеңінен тарту, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы. Ақжол, Ақсуат, Мерген, Қабыршақты, Жамбыл және Чапаевта ұйымдастырылған осындай дидарласуда көптеген сұраққа жауап қайтарылды, шаруаларға жадынама-кітапша үлестірілді. Ауданның басқа ауылдарында да осындай жүздесулер жалғасуда.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале