26.10.2020, 14:56
Оқылды: 64

Сүзілген суға сұраныс жоғары 

«Су – тіршілік көзі». Сондықтан ішер суымыздың сапалы болғанына не жетсін. Осыдан 7-8 жыл бұрын Шыңғырлау ауданы орталығында ауыз су тәулігіне екі мәрте беріліп, оған халық ұзын-сонар кезекте тұратын еді. Енді, міне, ауыз су үйіміздің ішіне кіргізілгелі бері халық су тапшылығын ұмытып, енді су таңдайтын дәрежеге жетті.

7C22112E-9ED2-4E20-BBAC-E8F19011CC76

Осы орайда, шыңғырлаулық Айболат Кушинбаев жерлестерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 7 сатылы су сүзгі қондырғысын орнатты. Дискілі фильтр, көмірлі сүзгі, ультра күлгінді тазарту секілді қондырғылар арқылы су түрлі микробтардан тазартылады екен. Атап айтқанда, бұл су фильтрі 98 пайызға дейін бактерияларды, қалған 1,5-2 пайызын ультра күлгінді сәуле арқылы толыққанды тазартып әрі залалсыздандыра отырып, судағы 4 пайыз минералды сақтай алатын қондырғы.

81A511B3-7D0F-4247-990D-287A793562F3

 «Дильнур» ЖК-нің басшысы Айболат Олжағалиұлы «Аудан орталығына су сүзгі қондырғысын орнату идеясы ертеректен ойымда болған. Содан былтырдан бастап жұмыстандым. Бұл мақсатыма мен «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан «Еңбек» бағдарламасы арқылы 3 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алу арқылы қол жеткіздім. Болашақта да аудан көлемінде жоқ тың жобаларым асырсам ба деген жоспарым бар»,- дейді кәсіпкерлікке қадам басқан жас кәсіпкер.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале