27.03.2019, 19:28
Оқылды: 32

Сырым аудандық мәслихаты жер салығын ұлғайту туралы шешім жобасын ұсынды

Бүгін Сырым ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІХ сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мұса Шалабаев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева баяндама жасады.

IMG_7101

Аудандық мәслихаттың «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату» туралы шешімінің жобасы бүгін аудандық қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды.

Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Арман Тоқтаровтың айтуынша, бұл шешімді қабылдау жер пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыру, сонымен бірге ауданның бюджеттік түсімін ұлғайту жағынан тиімді болады. Шешім жүзеге асқан жағдайда, аудан көлемінде орналасқан агроқұрылымдар ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін тиімді әрі нысаналы мақсатта пайдаланады, ал жер учаскелерін игере алмайтындар жер салығын он есеге дейін бюджетке төлеп, жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарады.

Шешім Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылы бөлімі мен Сырым аудандық кірістер басқармасы арқылы орындалу көзделген. Жерлерді қайтару жұмыстары Сырым ауданында жүзеге аспай жатқан жоқ. 2018 жылдың өзінде 16 837, 0 га жер учаскесі, соның ішінде 6 666 га егістік, 442 га шабындық, 9702 га жайылымдық және 27 га басқалай жерлер ауданның арнайы жер қорына қайтарылды. шешім іс жүзіне енсе, салық он есе көбейтіліп, сәйкесінше бюджеттік түсімді көбейтпек.

Отырысқа қатысқан кеңес төрағасы Асхат Дүйсенғалиев пен кеңес мүшелері және Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық мәслихат депутаттары шешімнің жобасына  қатысты оң пікірлерін білдірді.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале