3.04.2019, 11:33
Оқылды: 38

Сырым ауданы әкімі олимпиада жүлдегерлерімен кездесті

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев республикалық білім додасында топ жарған Қ.Мырзалиев атындағы мектептің оқушыларымен кездесті.

 syrym (3)

Олардың арасында пән олимпиадасының республикалық кезеңінен «Адам.Қоғам.Құқық» пәнінен І орын алған Айжан Тұрғалиева, ІІ орын алған Альбина Закина, облыстық кезеңде І орын алып, республикалық кезеңге қатысып қайтқан Малика Ералиева, ғылыми жобадан екінші орын алған Шадиар Елеубаева және пән мұғалімі Гүлдана Нұғманова бар.

Аудан әкімі білімді бойжеткендерге алғыс білдірді. Олимпиада жүлдегерлеріне де сөз берілді. Альбина Закина бүгінде құқық пәні бойынша грантқа ие. Әйтсе де ҰБТ-ға қатысып, бағын тағы бір сынайтынын, болашақта заңгер мамандығына оқығысы келетінін айтты. Ал «Ең үздік ауыл оқушысы» номинациясын вице-министрдің қолынан алған Айжан Тұрғалиева оқыған, еңбектенген адамның еңбегі еш кетпейтініне көзі жеткенін айтты.

syrym (1) syrym (2) syrym (4) syrym (5) syrym (6) syrym (7)

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале