24.02.2017, 19:31
Оқылды: 45

Сырым ауданында 14 тұрғын үй бой көтереді  

Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен Жымпиты ауылдық округінің 2020 жылға дейінгі даму жоспары туралы жиын өтті.


- Аудандағы ілкімді істер биыл да жалғасатын болады. Мәселен, Қолғанатов, Асадуллин көшелеріне жаңадан жол салынады. Тағы бір жағымды жаңалық - биыл ауданымызда 14 тұрғын үй бой көтереді. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде кі қабатты үйлер салу да жоспарланып отыр. Қарасу мөлтекауданынан бастауыш мектеп құрылысын бастаймыз деп отырмыз, - деді Абат Абайұлы.

Жымпиты ауылдық округ әкімі Қайрат Төлеповтың айтуынша, Қарасу мөлтекауданынан спорт, балалар алаңы ашылып, «Нефтэк» жанармай бекеті іске қосылатын болады. Сонымен қатар С.Датов көшесінен Исаев көшесіне дейін жаяу жүргінші жолы салынбақ. Ал Асадуллин көшесіне жол және жаяу жүргінші жолы қатар салынады.

Жиында орталық зиратты басқа орынға ауыстыру туралы ұсыныс та қаралды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале