21.11.2017, 16:03
Оқылды: 19

Сырым ауданында 15 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты

- Жыл басынан бері 406 адам жұмысқа орналасты. Жастарымызды жұмыспен қамтуда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының өз нәтижесін беріп келе жатқанын  жақсы білеміз. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында биылғы жылы 75 жас маман мекемелерге жолданса, олардың 15-і тұрақты жұмысқа орналасты. Мұның сыртында «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде 20 жас жазғы маусымда тазалық, көгалдандыру жұмыстарына тартылды.

Жұмыссыз азаматтарды техникалық, кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту мақсатында  187 азамат оқуға жолданып, қазіргі уақытта 123 азамат оқуын аяқтады. Оқуын аяқтаған азаматтардың қазіргі уақытта 22-сі жұмыспен қамтылып отыр, - деді Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев баспасөз мәслихатында.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале