4.06.2018, 16:59
Оқылды: 49

Сырым ауданында 470 үй таза ауыз суға қосылмақ

Сырым ауданындағы Бұлдырты ауылдық округінде жаңа су желісінің құрылысы басталды. Кешегі аптада Сырым аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Өркен Бектенов пен Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашев құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

 Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның қазіргі құны 324 млн.теңгені құрайды. Жобаның орындалуына жауапты мердігер «Жиенбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі, учаске бастығы Сайын Үмбетовтың айтуынша, бүгінгі күні су нүктелеріне электр желісі тартылып, тиісті 31, 346 шақырым су құбырының 2 шақырымы салыныпты.

Жаңа су желісі арқылы Бұлдырты ауылдық округіндегі 470 үй орталықтандырылған ауыз су жүйесі қосылады.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале