17.01.2019, 10:49
Оқылды: 22

Сырым ауданында 74 іс медиациямен шешілген

Былтыр Сырым аудандық сотында қаралған 74 іс татуласумен шешім тапқан.

 syrym (1)

Бұл туралы аудандық сотының 2018 жылы атқарған қызметінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында сот төрайымы Ботагөз Баймұханова айтты.

Баспасөз мәслихатына қатынасқан аудандық медиаторлар кеңесінің мүшесі, ардагер ұстаз Ахмет Батыршин медиация жолымен мәмілеге келу, істі сотқа дейін жеткізбеу жөнінде ақпараттық насихатты күшейту керек деген ұсынысты ортаға салды.

Айта кетейік, өткен жылдың 12 айы ішінде барлығы 21 тұлғаға қатысты 20 қылмыстық іс қаралып, тергеу судьясымен қамау түріндегі бұлтартпау шарасын ұзарту бағытында 1 материал ғана қанағаттандырылған.

Мүсірбек Айташев,

Сырым ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале